Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

101 роза, 101 пиона һәм мобилограф: желіде түлектің талабы қызу талқыға түсті

101 роза, 101 пиона һәм мобилограф: желіде түлектің талабы қызу талқыға түсті
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде мектеп бітіруші түлектің соңғы қоңырауға қатысты талаптары қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбада желі қолданушысы қайын сіңлісінің 25 мамырға арналған дайындық кезінде туыстарынан қымбат сыйлықтар мен ерекше тосынсыйлар талап еткенін айтқан.

– Қайын сіңілім биыл 11-сынып бітіреді. Көйлегін тіктіртіп, макияжы мен шаш үлгісіне дейін аға-жеңгесі болып бәрін төлеп бердік. Бірақ кейін «папа-мамама 101 раушан, сендер 101 пион алып келіңдер» деп талап қойды. Одан бөлек, тәулік бойы түсіретін мобилограф жалдап беруді және қымбат сыйлық күтетінін айтты, – деп жазған автор.

Желі қолданушысының айтуынша, ол мұндай талаптарды орынсыз деп санап, мобилограф жалдаудан бас тартқан. Осыдан кейін бойжеткен ренжіп, жанжал шығарған.

– Менде де, ағаңда да ондай ақша жоқ дедім. Содан кейін өкіріп жылап, үйден кетіп қалды. Тіпті жігіті маған хабарласып, «неге алып бермейсіздер?» деп реніш білдірді, – дейді жазба авторы.

Желіде бұл жағдай қызу пікірталас тудырды. Көпшілік соңғы қоңыраудың шынайы мәні өзгеріп бара жатқанын айтып, кей түлектер арасында бәсекелестік пен әлеуметтік желіге арналған “әсем өмірді” көрсету үрдісі күшейгенін жазуда.

​​​​​​​

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін шамадан тыс сән-салтанатпен өткізуден, қымбат көлік жалдаудан, ақша жинаудан және артық шығын шығарудан бас тартуға шақырған болатын.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.