Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім": Тұңғышбай Жаманқұлов жеке өмірі туралы айтты

"Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім": Тұңғышбай Жаманқұлов жеке өмірі туралы айтты
ашық дереккөзден

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы, театр актрисасы әрі педагог Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен қалай танысып, отбасын құрғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұған дейін "Қарақатпен шай" бағдарламасында қазіргі жарының өзінің шәкірті болғанын ашық айтқан еді. Актердің сөзінше, Дәрияға деген сезімі уақыт өте келе күшейіп, кейін үлкен махаббатқа айналған.

"Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл, бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер жұбайына деген ықыласын жасырмай, отбасылық өміріне риза екенін жеткізді. Сонымен қатар ол адам жүрегіне әмір жүрмейтінін айтып, махаббаттың күтпеген сәтте келуі мүмкін екенін әзілмен жеткізді.

Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп бүгінде екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер