Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада балалар ауруханасының медбикесінен ашық туберкулез ауруы анықталды

Астанада балалар ауруханасының медбикесінен ашық туберкулез ауруы анықталды
Фото: ЖИ

Астанада №1 Қалалық балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, туберкулез анықталған медбике бұрын ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандар тізімінде болмаған. Жұмыс барысында одан туберкулездің ешқандай белгісі байқалмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Медбике соңғы рет 2026 жылдың ақпан айында флюорографиядан өтіп, өкпесінен ауру белгілері анықталмаған. Алайда кейін денсаулығы сыр беріп, сәуір айында дәрігерге қаралған кезде туберкулез диагнозы қойылған.

Ол соңғы рет 24 сәуір күні жұмысқа шығып, 27 сәуірден бастап Қалалық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.

Басқарма мәліметінше, аурухана қызметкерлерінің флюорография қорытындылары қайта тексеріліп, ешқайсысынан ауру белгісі табылмаған. Сонымен қатар соңғы тексеруден кейін алты ай өткен 39 қызметкер қайта тексеруден өтіп, нәтижелері теріс шыққан.

Қазіргі таңда ауруханада сақтық шаралары күшейтілген. Соңғы үш айда науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, төсек-жабдықтар залалсыздандырылған. Палаталар мен басқа да бөлмелер күніне кемінде екі рет тазаланып, кварц шамымен өңделіп, тұрақты түрде желдетіліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.