Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мақпал Жүнісова II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

Мақпал Жүнісова II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды
Фото: Ақорда

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады. Президент өз сөзінде Мақпал Жүнісованың қазақ өнеріндегі орнына ерекше тоқталды.

“Бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі “Барыс” орденін тапсырамын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Менің концертіме халық өзі келеді": Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваның сұхбатына жауап берді Оқыңыз

Ал өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті. Әнші бұл марапаттың өзі үшін ерекше мәні бар екенін айтты.

“Құрметті менің тыңдармандарым, туысқандарым! Мемлекет басшысы II дәрежелі “Барыс” орденін маған бүгін табыстады. Ақорданың есігін ашпағалы 30 жыл болыпты. 30 жылдан кейін осындай мәртебелі атақ иегері болып жатқаныма өте қуаныштымын! Баршаңызға осындай марапат бұйырсын”, – деді өнер иесі.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасындағы өзіндік орны бар әнші, Қазақстанның халық әртісі. Оның орындауындағы әндер бірнеше буын тыңдарманның жүрегінен орын алған. Жұртшылық өнер иесін шынайы даусымен, сахнадағы ерекше болмысымен және ұлттық өнерге деген адалдығымен жақсы таниды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.