Өзбекстанда қатерлі ісікке қарсы препарат жасалды

0

Өзбекстанда төртінші сатыдағы қатерлі ісік ауруын емдеуге қабілетті препарат әзірленіп, өндіріске енгізілді. Бұл туралы Өзбекстан Ғылым Академиясының ядролық физика институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ильхом Садықов (Содиков) мәлімдеді.

Оның айтуынша, препарат құрамына лютеций-177 радиоактивті изотопы және ақуыз қосылысы — простатаға тән мембраналық антиген-617 кіреді. Болжам бойынша, сәулелер ісіктің өзіне енеді және қоршаған сау тіндерге зиянын тигізбейді, бұл қатерлі ісік ауруын хирургиялық араласусыз емдеуге мүмкіндік береді.

фото: islam.kz