ка

Мирзияевтың қызы мемлекеттік қызметке тағайындалды

12.04.2019 18:59
0
0

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева ақпарат және қоғаммен байланыс агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Мирзияеваның жаңа қызметке тағайындалғанын 12 сәуірде Ташкентте өткен жиынlа президент әкімшілігінің жетекшісі Зайнилобиддин Низомиддинов айтты.

Бұл қызметке бір ай бұрын Наргиза Рахимова тағайындалған еді. 35 жастағы Рахимова исламдағы көп әйел алу жайлы пікірінен кейін әлеуметтік желіде сынға ұшыраған. Кейін оның еңбек демалысына кеткені хабарланды.

Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің айтуынша, Рахимова Өзбекстанның әлем алдындағы имиджін көтеру жұмыстарымен айналысады және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын бақылайды.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий