Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

0

Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзуден жартылай финал өтті, деп хабарлайды Olympic.kz порталы.

Бұл спорт түрінен еліміздің намысын құраманың көшбасшысы Дмитрий Баландин қорғаған болатын. Алайда тиісті қашықтықты 2:09.22 уақытта бағындырған ол өз тобында жетінші болып жүзіп өтіп, финалға шыға алмады.

200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзуден финалға сегіз спортшы өтті.