Әлеуметтік желідегі танымал видеоларымен белгілі мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза оқырмандарына жаңа жаңалығын жария етті, деп хабарлайды kznews.kz.
Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының басшысы "Алтын ханым – 2026" жобасына қатысып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл байқау – өзі үшін үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды кезең.
"Бұл жоба мен үшін тек байқау емес, өзін-өзі дамыту мен жаңа қырымнан тануға мүмкіндік беретін белес. Әр қадамым – еңбек пен ізденістің нәтижесі. Осы жолда сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды", – деп жазды ол.
Ақмоншақ Нұртаза көпшілікке сенім білдіріп, қолдау көрсетуге шақырды. Оның сөзінше, әрбір жылы пікір мен қолдау алға ұмтылуға үлкен мотивация береді.