Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды — Саясат|11 Желтоқсан 2018, 18:23

0

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Мұхановтың қызметі ауысқаны туралы айтылды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды» — делінген хабарламада.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ