Астанада «Дипломат» қонақүйінің жанында орналасқан мейрамхана өртенді (ВИДЕО)

0

Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртке оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда өрттен шыққан түтін қонақүй ғимаратын орап алғанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«7 қазан күні астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Д. Қонаев көшесі, 29 мекенжайына шақырту бойынша барды. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін төрт минут ішінде мейрамханалардың бірінде желдету жүйесінде май қалдықтарының жануы болғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 1,5 шаршы метр аумақта сөндірілді», — деп хабарлады ТЖД. Департамент өкілдері зардап шеккендердің жоқ екенін айтты.