Ақтауда көшенің қақ ортасында жыныстық қатынасқа түскендерді полиция іздеп жатыр
Жігіт пен қыздың қылығы тек автордың ғана емес, желі қолданушылардың да ашуын туғызған.
Ақтауда көшенің қақ ортасында жігіт пен қыз жыныстық қатынаспен айналысқан. Осы сәтті қала тұрғыны телефон камерасына түсіріп алған, деп хабарлайды Sn.kz.
Бейнежазбада жігіт пен қыз орындықта бір-бірімен мінгесіп отыр. Оларды көрген әйел жастардың жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын айтады.
«Таңғы сағат 9.30. Көшенің қақ ортасында жұрттардың істеп жатқаны мынау. Не деген сұмдық бұл?», – дейді кадр сыртында әйел.
Жігіт пен қыздың қылығы тек автордың ғана емес, желі қолданушылардың да ашуын туғызған.
Бірі оларға айыппұл салу керек десе, ал кейбіреуі осы сәтті видеоға түсіріп алған автордың өзін ұрсып тастады.
Қазіргі уақытта полиция көшенің қақ ортасында жыныстық қатынасқа түскен жігіт пен қызға іздеу жариялады.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz