Қарағандыда 8 айдан кейін табылған әйел мәйіті: Тың дерекер жарияланды (видео)

0

Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылында 8 ай бұрын күйеуі өлтіріп, тығып тастаған 35 жастағы келіншектің денесі табылды. Оны полиция ауылдан небәрі 10 шақырым жерден анықтаған.

Марқұмның туыстары Бұқар жырау аудандық полиция басқармасын қылмыскерді дер кезінде ұстамады деп кінәлайды.

Бұл шулы оқиға туралы ең алған болып видео түсіріп, әлеуметтік желіге жазған Айсұлтан Жақыпов бүгін тағы тың деректерді жариялады.

Қоғам белсендісінің айтуынша Бота марқұм отбасында зорлық-зомбылық көрген.

«Себебі, бір мәрте таяқ жеп басы жарылғаны, шов салдырғаны жедел жәрдем шақырғаны тіркелген. Бұндай қорлыққа неге шыдап келген?,-деген заңды сұрақ туындады менің де басымда. Сөйтсем, бір баласын қайын апасының бауырына салған екен. Сол баланы сыртынан болсын көріп жүргісі келген секілді…» дейді Айсұлтан Жақыпов.