Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Албан анасының қабір басына барып, еске алды

Нұрлан Албан анасының қабір басына барып, еске алды
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желіде жүрек толқытатын жазба жариялап, марқұм анасын еске алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі 27 наурыз – анасының туған күні екенін айтып, осы күннің өзіне ерекше ауыр тиетінін жеткізді. Ол қабір басында түсірілген видеоны бөлісіп, көпшілікке ой салатын әсерлі сөздер айтты.

"Қасиетіңнен айналайын, анашым, қадірлі шешем... Әттең, жанымда әлі де болса, бүгін шешемнің туған күні деп, ағайынның басын қосып, өзің бардағыдай шаңырақ шаттыққа толар еді. Амал нешік? Көп адам сын айтып жатады. Қабірстанда неге суретке түсіп, пост жариялайды дейді. Бұл - ақиқат, шындық. Мәңгілік ешкім жоқ. Мен әке-анасы тірі, жанында жүрген ағайындарға сабақ болсын дегім келеді. Қадірлі бауырлар, егер қасыңызда дәл қазір әкеңіз бен анаңыз болса, бағалаңыз. Қасық қаның қалғанша қызмет жаса, көңілін тап. Өйткені әке мен ана бізге Құдайдың уақытша берген күші, қуаты, берекесі, байлығы. Сіз білесіз бе? Дәл қазір мен үшін дұға жасайтын ешкім жоқ. Қайтарылмайтын дұға менде жоқ. Өйткені бұл кісілер Раббысына кетіп қалды. Әке-шешелеріміз аман болсын. О дүниелік болып кеткендерді Алла тағала мейірім-шапағатына бөлесін", – деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына бейжай қарамай, пікір қалдырып, қолдау білдірді. Көпшілік оның сөзінен үлкен өмірлік сабақ алғанын жазып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер