Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды. Қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желіде бөлісіп, жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Ол бұл ерекше сәтті үлкен бақытқа балап, уақыт өте келе адам үшін ең маңыздысы атақ емес, артында қалатын із екенін түсінгенін жеткізді.
Желі қолданушылары мен әріптестері продюсерді құттықтап, сәбиге денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.