Үндістанда 13 жасар оқушысын өлтірді деген күдікпен мұғалім тұтқындалды, деп kznews.kz Mirror-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, ер адам қызға қосымша сабақ беріп, қызығушылық танытқан. Mirror басылымының жазуынша, қыз оның қысымынан құтылмақ болған кезде мұғалім оны белдікпен буындырып өлтіріп, кейін мәйітті орманға апарып тастаған. Жасөспірімнің қапқа салынған мәйіті Үндістанның Майурбхандж округіндегі Барипада ауданында, бамбук тоғайының арасынан табылған. Полицияның айтуынша, мұғалім оқушы қызды буындырып өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітін орманға тастап кеткен. Кейінірек мәйіт табылып, күдікті ұсталды.
Бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен саясаткерлердің ашу-ызасын тудырды, олар қылмыскерге қатаң жаза қолдануды талап етуде.