Әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова әлеуметтік желіде әкесі мен өгей анасына айтылған сындарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жақында әншінің жұбайы Фариза Жұманова қыз баланы дүниеге әкелгені белгілі болған. Бұл жаңалық көпшілік арасында түрлі пікір тудырып, кейбір қолданушылар отбасыға қатысты сыни көзқарасын білдірген.
Осыған байланысты Гүлеркем анасының жасына қатысты айтылған пікірлермен келіспейтінін жеткізді. Оның сөзінше, 33 жаста ана атану қалыпты жағдай, ал денсаулық мүмкіндік берсе, бала санын көбейту — әр отбасының жеке таңдауы.
"33 жастағы келіншек тумағанда кім туу керек? 40-қа дейін денсаулық жараса, тағы туып, санын 10-ға жеткізіп, әкеміздің арманын орындаңызшы деп отырмыз. Елу жаста босанып жатқандар да бар. Неге дәл бізге келгенде өзгеше қабылдайсыздар?" – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол неге дәл олардың отбасы жиі сынға ұшырайтынын түсінбейтінін айтып, желідегі теріс пікірлерге жауап берді.