Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Мошенники» сериалының жалғасы үлкен экранға шықты

«Мошенники» сериалының жалғасы үлкен экранға шықты

1 сәуірде еліміздің барлық кинотеатрларында көрерменге таныс «Мошенники» сериалының толықметражды жалғасы прокатқа шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Фильм желісі бойынша бұған дейін ешкімнің қолына түспей келген қылмыскер Дамир өзімен терезесі тең Марат есімді қауіпті қарсыласпен бетпе-бет келіп, өз үйінде тұтқында қалады. Осы кезде басты кейіпкер алданған салымшылардың миллиардтаған долларын жылыстататын банк құру туралы өзінің ең ірі алаяқтық схемасын баяндап береді.

Жаңа туындыны Salem Entertainment медиакомпаниясы, Start стриминг-платформасы және Bas Production студиясы бірігіп түсірген, ал режиссерлік міндетті Олжас Нұрбай атқарды.

Жобаның авторы, сценарисі әрі продюсері Рүстем Омаров басты рөлді сомдаса, оның түсірілім алаңындағы серіктестері ретінде Ержан Түсіпов, Бөпеш Жандаев, Дмитрий Багрянцев және Ұлбосын Шалқарова ойнайды.

«Біздің команданың алдында екі маңызды міндет тұрды. Біріншісі көрерменге киберқылмыс мәселесін жеткізу болса, екіншісі сериалды көрмеген адамға да түсінікті әрі қызықты болатын сапалы кино жасау еді, яғни бұл сериалдың жалғасы болғанымен, өзіндік аяқталған оқиғасы бар жеке туынды», – деді жоба авторы Рүстем Омаров.

Бұған дейін «Мошенники» сериалының бірінші және екінші маусымы YouTube желісінде 60 миллионнан астам қаралым жинаған болатын.

Сонымен қатар екінші маусымның Start платформасындағы премьерасын алғашқы аптада 4,5 миллионнан аса адам тамашалаған.

Фильмнің идеясы мен сценарийін Рүстем Омаров пен Ілхан Исхакбаев жазды. Ал бас продюсерлер қатарында Рүстем Омаровтан бөлек Игорь Цай, Қуат Садықов, Ақылбек Досжанов, Саида Игенбек, Алексей Троцюк, Орынбасар Құдайбергенов және Тимур Смағұлов бар.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан