Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Нұрбекке қандай міндет жүктеді?

Тоқаев Нұрбекке қандай міндет жүктеді?
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдап, саланың даму бағыттары мен стратегиялық бастамалардың жүзеге асу барысын талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Президентке ғылым мен жоғары білім жүйесіндегі негізгі реформалар, сондай-ақ жаңа жобалардың іске асырылу кезеңдері туралы баяндалды.

Саясат Нұрбек Мемлекет басшысына жаңа Конституция аясында білім және ғылым саласының мүмкіндіктері кеңейіп отырғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, қазіргі басты мақсат – адам капиталын дамытуға бағытталған тиімді экожүйе қалыптастыру және таланттарды жүйелі түрде қолдау.

Кездесуде еңбек нарығына жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылып, алдағы жылдарға арналған кадрлық сұраныс болжамы таныстырылды. 2030 жылға дейін ел экономикасына қажетті мамандардың құрылымы мен бағыттары айқындалған.

Сонымен қатар жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта «Келешек» механизмі мен білім беру саласын қаржыландырудың жаңа моделі енгізілмек.

Министр AI-Sana ұлттық қозғалысын дамыту және AI-Enabled University жобасын іске қосу жоспарымен бөлісті. Бұл – білім беру мен өндіріс үдерістеріне жасанды интеллектіні кеңінен енгізетін жаңа форматтағы индустриялық университет. Бұдан бөлек, елде ғылыми-инновациялық кластерлер мен ғылым қалашықтарын құру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар ғылым мен өндірістің байланысын нығайтуға бағытталған.

Саясат Нұрбек Қазақстанның DeepTech және күрделі өндірістерді дамыту моделіне кезең-кезеңімен көшіп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта жоғары оқу орындары мен өңірлік әкімдіктердің өзара ықпалдастығы маңызды рөл атқарады. Аталған модель аясында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүзеге асады. Нәтижесінде өнеркәсіптік өнімдер әзірленіп, өндіріс іске қосылады.

Министрлік ғылыми саясатты жетілдіруге бағытталған реформаларды жалғастырып жатыр. Соның ішінде: гранттар мен сыйлықтар беру, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты қолдау шараларына басымдық берілуде.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.