Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды
11.09.2021
14:12
0
5

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.
Әлемдік сын 7-17 желтоқсан аралығына жоспарланған.
Қазақстан командасы дайындыққа кірісті. Қазіргі таңда Бақыт Ахметов бастаған топ Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Әлем чемпионатына қатысушылар қарашада өтетін республикалық сыннан кейін анықталады.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ