Мобильді аударымдардан алынатын салық: вице-премьер Қаржы министрлігіне тапсырма берді
Елімізде қазақстандықтар кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы жіберетін ақша аударымдарын (картадан картаға) салықтармен қамту жоспарланып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Сонымен қатар, кәсіпкерлерге банктік мобильді қосымшалар арқылы тұтынушылардан түсетін ақша аударымдарын фискализациялау мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Біз қолма-қол ақшасыз төлемдердің көбеюі жақсы қарқынмен жүріп жатқанын көріп отырмыз.
Бірақ, сонымен қатар, тиіс салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметін салық салумен толық қамту міндеті тұр», — деді Әлихан Смаилов Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде.
Смаилов салық салу бүгінде кәсіпкерлерге берілген босатуларды ескере отырып жүргізілуі керек екенін атап өтті.