Ленинград облысының Кудрово қаласында ер адам әйелге және кәмелетке толмаған балаға қарсы шабуыл фактісі тіркелді, деп 78.ru-ға сілтеме жасап, хабарлайды kznews.kz .
Әйел подъезден шыққан сәтте күдікті оның жолын бөгеп, күштеп ішке итеріп, зорлауға тырысқан. Сол кезде мектеп оқушысы өзінің итін серуендетіп холлға кірген, бұл ер адамды тоқтатты. Осы сәтті пайдаланып, әйел адам сыртқа қашып шықты, алайда ер адам назарын бірден балаға аударған.
Әйел адамның сөзінше:
“Ол мені лифт холлына сүйреп әкетті, шалбарымды шешті. Барлық әйелдер оны қанағаттандыруы керек деп айта бастады. Сол жерде бала да болды. Мен аман қалдым, сыртқа қаштым. Ол қызға назар аударып, басынан ұстады, бетіне соққы жасады” – дейді.
Кішкентай қыз да қарсылық көрсетіп, қашып шыққан. Ойлағанын жүзеге асыра алмаған ер адам сол үйдің 14-қабатындағы өз пәтеріне кіріп кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оны ұстап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, әйелдің айтуынша, ер адам бұған дейін де лифтте түрлі тұрпайы әрекеттермен ұсталған.