Забайкалье өлкесінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Ер адам мылтықпен үш адамды атып, кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды kznews.kz 112-ге сілтеме жасап.
Оқиға өткен аптада Цаган-Олуй ауылында болды. 44 жастағы жергілікті тұрғын көршілерімен жанжалдасып, олардың үйлеріне барып, әрқайсысын мылтықпен атып тастаған. Кейін ол өз пәтеріне келіп, өзіне қол жұмсаған.
Қаза тапқандардың бірінің денесі үйде үш күн бойы жатқан, оны тек 26 наурызда тапқан. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, барлық қаза тапқандардың балалары бар.
Бұл оқиға бойынша екі немесе одан да көп адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.