Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да өсім бар: Тоқаев өңірдің дамуына жаңа тапсырмалар жүктеді

ШҚО-да өсім бар: Тоқаев өңірдің дамуына жаңа тапсырмалар жүктеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрақты өсімді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Әкімнің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқан. Атап айтқанда, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында өсім байқалады.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асып, инвестициялық портфель 101 жобаны қамтыған. Құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 460 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 550 миллиард теңгеден асса, сауда саласындағы көрсеткіш 2,46 триллион теңгеден асты.

Тұрғын үй құрылысы да қарқын алған: 407 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар Президентке Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғаны баяндалды. Бірінші тоқсанның өзінде 3 317 жұмыс орны құрылған. Әлеуметтік көмек алушылар саны да азаю үрдісін көрсетіп отыр.

Өңірде ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Шығыс шақырады» жобасы ерекше аталды.

Инфрақұрылымды жаңғырту бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде: өткен жылы жалпы ұзындығы 856 шақырым жол мен көшелер жөндеуден өтті.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық жағдайды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.