Жабайы аңдар туралы мәлімет, ақпарат

0

«Бәйшешек» тобына ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тарауы: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жабайы аңдар тіршілігі»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір — біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика.
Сөздік жұмыс: Жыртқыш, қауіпті, ін, апан, үңгір.
Билингвальды компонент: Аю — медведь, қоян — заяц, қасқыр — волк, түлкі — лиса, арыстан — лев.
Шаттық шеңбері.
Мынау менің – жүрегім
Барлығы осыдан басталған
Мынау менің – басым
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Балалар қимыл — қозғалыспен көрсетіп, қайталайды.
Ұйымдастыру ізденушілік.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — қыс мезгілі
— қыс мезгілінде неше ай бар?
— үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
— Ал сендерге қыс ұнай ма?
— Қыс несімен ұнайды?
— Қыс әртүрлі болады, боран соғады, аяз болады.
— Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Балалар: аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
— Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
— Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?
— Жабайы аңдар дейміз.
— Бұл аңдар қайда мекендейді?
— орманда мекендейді.
— Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап тұрады. Ал, балалар қоян, қасқыр, түлкі, қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүні өседі.
— Сабағымызды бастамас бұрын, біз «Ойыншылар» және «Көмекшілер» болып екі топқа бөлінейік.
— Мына үстелдің үстінде жатқан геометриялық пішіндерді таңдап алыңдар. Кімнің қолында төртбұрыш болса, сол балалар «Ойыншылар», ал кімнің қолында дөңгелек пішіндер болса, олар «көмекшілер» болады
— Балалар, ойынның шартымен таныстырайын. Ойын 8 тапсырмадан тұрады.
— Қане, келіп мына суреттерді алып, сипаттама берейік.
1 — тапсырма: «Жабайы аңдарды сипаттау»
1. Аю — ақылды, жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс — жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді.
— Аю туралы қандай ертегі білесің?
2. Түлкі — ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда мекендейді.
— Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
3. Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды, қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді. Тиіннің балаларын тиін деп атайды. Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның бүршіктерін жинайды. тиін қыста ұйықтамайды.
4. Қоян — қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын — ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.
— Қоян нені жақсы көреді?
5. Арыстан — үлкен, мықты, әдемі үлпілдек жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өткір. Ол жылдам жүгіреді. Арыстанның басы денесіне қарағанда үлкен. Арыстан көздеген жемтігін құрығына түсіріп, қанжығасы майланғанда ақырып, айбат шегетін жалғыз аң сондықтан оны аң патшасы дейміз. Арыстан ыстық елде мекендейді.
— Арыстанды ертегілерде не деп атайды?
6. Қасқыр — жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде мекендейді.
2 — тапсырма: «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»
1. Тұмсығы ұзын аң?- піл
2. Баласын қалтасына салып жүретін аң?- кенгру
3. Арадан қорқатын аң?- аю
4 Ең ұзын мойын…(керік)
5. Ыстық елде мекендейтін аң?- арыстан
6. Мысыққа ұқсайтын аң…(жолбарыс)
7. Сүйкімді аң не? (тиін)
— Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды
— Балалар, осы жабайы аңдардың ішінен орманда мекендемейтін бір аң бар. Ол қандай аң?
— Иә, ол — арыстан екен. Арыстан — ыстық елде мекендейді.
3 — тапсырма: «Балаларын ата»
— Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атаңдар.
1. Қасқырдың баласы -/бөлтірік/
2. Аюдың баласы -/қонжық/
3. Түлкінің баласы -/мыршай/
4. Қоянның баласы -/көжек/
5. Арыстанның баласы -/абдан/
6. Жолбарысты баласы -/шөнжік/
7. тиіннің баласы -/тиін/
8. кірпінің баласы/ кірпі/
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
4 — тапсырма: «Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»
Талап: Кәрі еменнің түбіне
Бір — біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан — жануар біріге.
Ұлан:
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң — бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Асан:
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Саян:
Қорқынышты атағым
Қалың қопа жатағым
Қой қораға түсетін
Бар ғой аздап шатағым.
Ғалым:
Балпаң — балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Әмина:
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Сезім:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Жансұлу:
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.

Балауса: Мен — мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
Ү. Балауса: Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын
Мансур: Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан — талға секірем.

Жанерке: Табиғаттың баласы
Болмас ағы, қарасы
Тындап тұсақ бәрінің
Әңгімесі жарасты.
5 — тапсырма: «Аңдардың қалауын табамыз?»
Шарты: Әр аңға сүйікті азығын тауып беру.
Аюға – бал
Қасқырға – ет
Қоянға — сәбіз
Тиінға — жаңғақ
6 — тапсырма -: «Буынұйқас жаттығуы»
ЯН – ЯН — ЯН —— ұзын құлақ қоян.
Ю — Ю — Ю —- аңқау аю.
ҚЫР — ҚЫР — ҚЫР — көкжал қасқыр.
КІ — КІ — КІ — қу түлкі.
ТАН — ТАН — ТАН — бұл мықты арыстан.

7 — тапсырма: Пазлы.
Мақсаты: Қима суреттер құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру. Баланың ой — өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
8 — тапсырма: Мнемо кесте арқылы тақпақ жаттау.