аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі, мектеп бітіруші түлектерге
Өткізілетін күні: 2019 жылдың 12 маусымы, сағат 10 00
Өткізілетін орны: Сарыкемер мектеп — гимназиясының акт залы
Өткізілу уақыты: 45 минут
Жүргізушілер:
1. Сурабалдиев Бекжан
2. Момышева Заида
Ашылу салтанаты (композициялық көрсетілім)
Фанфар
1 — жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер!
2 — жүргізуші:
Бүгінгі 2019 — 2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге Аттестат тапсыру рәсіміне қош келдіңіздер.
1 — жүргізуші:
Шаттық самал еседі кеп бұл маңда,
Айналайық, қыздардан да, ұлдан да.
Желбірейді Байзағымның байрағы
Төгіліп ән қияннан да, қырдан да.
2 — жүргізуші:
Асыл ойлы ұстаздардың барында
Табыс тасып айналады қырманға.
Ел үміті ақталмауы мүмкін бе,
Дәл осындай ұл — қыздары тұрғанда!
1 — жүргізуші:
Жуырда ғана жария болған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада Елбасы табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін айқындап айтып өтті.
2 — жүргізуші:
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.
1 — жүргізуші:
Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл — қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.
2 — жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата — аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл — қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша екі түлегіміз 11 «А» сынып оқушысы Ерназаров Жанатбек пен 11«Ә» сынып оқушысы Нуруллаева Бахыткүл «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата — аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Ендеше, осынау ерекше көңілді кешті «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1 — жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белгім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Жиналдың, айналайын, халқым менің!
2 — жүргізуші:
Өлшеуі ар — намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Қарсы алайық, аяулы түлектерді,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың
1 — жүргізуші:
Таза еңбек қала қоймас қалқада,
Білімді жас бермек дәйім жол таба.
Ал, ағайын, қошеметпен қол соға,
Бірге: Түлектерді шақырайық ортаға!
2 — жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп — гимназия директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына беріледі.
1 — жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір — біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір — біріңе сүйеу болып демеңдер.
2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- дей келе ортада әсем ән
(Есенбаева Жанарай «Мектебім» әні)
1 — жүргізуші Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
2 — жүргізуші
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат алу кезеңіде келгендей.
1 — жүргізуші
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте — дей келе аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
(әр түлек өлең — шумағымен сахна төріне шақырылады)
2 — жүргізуші
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы
(флешмоб хабарланбайды)
1 — жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
2 — жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Хор (поппури )
1 — жүргізуші:
Алда не бар, өмір өзі іреттер,
Жақсы істен жаңылмасын жүректер.
Ортамызға олжа салған бүгінгі
Табыстарың құтты болсын, түлектер!
2 — жүргізуші:
Жастар үшін төксін өмір арайын,
Сәтті өткізсін әрбір жылын, әр айын.
Түлектердің кеші жетті мәреге,
Осыменен қош болыңыз, ағайын!
1 — жүргізуші
Білетұғын ескіні де, жаңаны,
Өзі сондай дарынды да, саналы,
Орыс тілі, биология пәнінен
Ылғи бестік олжалайтын бағаны.
103 балл жинақтап қуантты
Ұстаздар мен туыс, ата — ананы.
Шақырамыз біз Абибулла Наргизаны.
2 — жүргізуші
Көзге түсті еңбегімен елене,
Өзгелерге болса дейміз өнеге.
Физика мен математика, химия
Пәндерін бұл оңай кісі жеңе ме?
ҰБТ — дан 97 балл олжалаған
Ережепова Перизаттай түлекті,
Жарасады көтерсек біз төбеге!
1 — жүргізуші:
Көзін тапқан білімнің де, әр істің,
Туын биік көтереді намыстың.
Мақтанышы болды түгел таныстың
Көзінде де, кеудесінде бар ұшқын
Шералиева Гаухарды мақтаймыз
Жүлдегері болған небір жарыстың.
1 — жүргізуші:
Шәкірттердің ішіндегі құттысы,
Өзгелерге үлгі болған тіпті ісі.
Атанды ол түлектердің мықтысы.
Мақтап айтсақ бүгін тегі қай жөнін,
Бәріне де лайық Үшкемпірова Нұрай
2 — жүргізуші:
Оқуға да басқаға да үлгерер,
Бой басынан ештеңе жоқ мін көрер.
Шаршамайтын ізденімпаз қашанда
Оған тең боп жарысқанға кім келер.
Пірімқұлова Асем нағыз жүлдегер.
1 — жүргізуші:
Құштар болып өсті жастай білімге,
Болашаққа сенімі мол үнінде.
Абыройы асып отыр бүгінде
Шахматтан шақ келтірмей жарыста
Қарсыластың қалдырмады бірін де.
Өмірбаева Құрманкүлді мақтайық
Үлкен ғалым боп шығады түбінде.
2 — жүргізуші:
Ар, намысты биік ұстап ұғымға,
Озық шыққан білім сайыс сынында.
Данаева Ақжан сынды түлектің
Қосары бар келешекте ғылымға.
1 — жүргізуші:
Өзі алған біліміне сенімді,
Әркім солай қуантса ғой елімді.
Алимбаева Ақбілек қандай керемет
Үздіктердің қатарынан көрінді
2 — жүргізуші:
Көпшіл кісі қала қоймас қалқада,
Абыройы асып тұрар алқада.
Шын сайыста білген мықты жол таба
Мінезі ашық, қашанда да қадірлі
Әдемі бір әсері бар ортада
Орманова Ләззатты мақтаумен
Шақырайық қағып — қағып арқаға!
1 — жүргізуші:
Жақсы оқып көрінді сан белестен,
Азамат ол айдарынан жел ескен.
Усманова Лаззат шыққан асуды
Шығармайды біле білсек ел естен.
2 — жүргізуші:
Сарыкемер мектебінен хат танып,
Қоғам ісін белсенді боп атқарып,
Сегіз қырлы, мінезімен бір қырлы
Сүйкімді боп байқалған дос, жатқа нық.
Шақырайық Жұмалиева Күмісті
1 — жүргізуші:
Шын мықтыны елі оңай десін бе,
Мықтылығын жұрт ұстайды есінде.
Сан жарыста оза шауып бәйге алды,
Тоқталмастан білімділер көшінде,
Өзі тағы волейболшы, спортшы
Бурамбаев Жамбыл шебер шешімге
2 — жүргізуші:
Талаптыға нұр жауады расында,
Солай етін бұрында да, басында.
Жаумитбаева Айсәулеміз осында
Қане, бүгін ортаға кел тосылма!
1 — жүргізуші:
Әр нәрсенің орнын жүрер біліп те,
Оқу оған кеткен әбден сіңіп те.
Ашық мінез, достарына сүйікті
Бір қошемет
Сатыбалды Елдар сынды жігітке!
2 — жүргізуші:
Құмартатын алдағы нұр таңдарға,
Табысымен таныс болған бар маңға.
Талантымен тең келетін талғамға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Сейтова Марьямға
2 — жүргізуші:
Талантымен тең келетін талғамға.
Табысымен таныс болған бар маңға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Ауезова Жадыраға!
1 — жүргізуші
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым.
Келесі сөз кезегі 11 «А» сынып жетекшісі сөз кезегін береміз