Жас жұбайларға қымбат кілем, алтын-күміс, ыдыс-аяқ әперудің керегі бар ма?
14.04.2025
09:37
0
91

“ Қыз берудегі мен ұл үйлендіруге қатысты қағидат дұрыс емес. Қазір көптеген қарапайым адамдар, барын шаша алмай жүрген байлармен жарысамын деп, бір жерлеріне қарамай жыртыла береді.”
Әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі Айнұр Елтоқ қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірін көтерді.
«Алмақтың салмағы бар, Артындағы қармағы бар» -деп, әжем үнемі ескертіп отыратын.
Білмеймін, біреулер бөсіп отырады ғой, қызына 200-500 мыңға ыдыс аяқ әперуім керек, холлға, жатын бөлмесіне кілем деп..
Соған дейін, ол үйде түк болмаған ба деп қаласың..
Бір жеріне қараса екен дейсің… Ажырасудың көп бөлігі,жетіспеушіліктен, қазіргі жастарда шыдамдылықтың, қиыншылыққа төзуге бейім еместіктерінен.
Өз басым, бастысы екеуі бақытты болып, дүниені өздері құрап үйренсе, әрбір заттың құнын, бағасын білер еді, оңайлықпен ажыраспас еді, сонда деп, ойлаймын…
Түсінбейтін, түсінгісі келмейтіндер жабылып кетеді, не сені жақтырмайды..
Мен, басынан барлығын ашып аламын.Жеңілге үйренген жастар, жеңіл ажыраса салады.
Ең бастысы екі ата-ананы разы қылу.
Керегі жоқ, кәкір-шүкірді де алдыртпауға келісемін. Сол болмашыға кететін миллионды үй алуға «первоначалка» етіп ,екі жақ құйып берсек, ары қарай, «Үйі бардың, Күйі бар» — деген, өмірді өз арналарына қарай жүзіп өте берер деген, түсінік менде
Дарықылық.
Есуастық.
Телефонға тәуелділік болмаса болды бастысы.
Санасы, түбінде кішкене болсын ,отбасында көрген тәрбиелерінің ұшқыны бар жастар, болашаққа ұмтылады.
"Қыздың жақсы болуы санасынан,
Санасының жақсы болуы анасынан-деймін.
Сөз саптауын байқау керек үйлі болғысы келетін жастардың.
Әрине, қай ата ана болсын, балаларының бақытты болып, жүздері нұр жайнап, көздері күлімсіреп, бір біріне демеу болып, арқа -жарқа болғанын көргісі келеді. Ол үшін, ең бірінші ата -аналар дарақылыққа салынып кетпеу керек!Балаларымыздың бақытын көруге жеткізсін, лайым! - деп жазды ол.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ