ка

Зейнетақы төлеменің орташа мөлшері аталды

16.03.2022 14:18
0
20

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 246 мыңнан асты.

"2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) - 105 538 теңге", - делінген хабарламада.
1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 470,1 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген.
"2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге - 71,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге - 163,8 миллиард теңге бөлінді", - делінген хабарламада.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалғанын еске салайық. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. (Фото egemen.kz сайтынан алынды)
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий