Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда лауазымды полицейлерді ұстады
15.04.2019
10:50
0
2

Кантурин мен Әзімхан 10 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда полицейлерді ұстағанын хабарлады.
"2018 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті лауазымын асыра пайдаланып, героин өткізуге қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантурин мен ПД тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты М. Әзімханның заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті", - деп жазылған хабарламада.2019 жылғы 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Кантурин және М. Әзімхан ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ М. Кантурин қосымша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі, 361-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 10 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
sputniknews.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ