Шығыс Қазақстан облысында Зырян ауданының аты ресми түрде өзгерді
04.01.2019
10:43
0
3

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының атауын Алтай ауданы, Зырян қаласының атауын Алтай қаласы деп өзгерту туралы жарлық шығарды.
Былтыр 28 қыркүйекте өткен талқылауда аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері Зырян ауданының атауы мен Зырян қаласының атын Алтай ауданы және Алтай қаласы деп өзгертуді қолдап дауыс берген.
Зырян ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан 1971 жылы осы аймақта полиметалл кенішін ашқан Герасим Зыряновтың атымен аталған.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ