ка

Семей тұрғыны ата-аналық құқығынан 4 рет айырылды

19.11.2018 14:55
0
8

Жыл басынан бері 71 адам ата-ана құқығынан айырылған екен..

Семейдің 37 жастағы тұрғыны ащы суға байланысты төртінші рет ата-аналық құқығынан айырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оның төрт баласы қазіргі уақытта балалар үйінде. 2007 жылы дүниеге келген балалардың үлкеніне жуықта операция жасалыпты. Денесінде ісік болғанға ұқсайды. Ал кенже қызы биыл сәуірде дүниеге келген. Ол туғанынан мерез ауруымен ауырады екен.

Айта кетейік, Семейдің 37 жастағы тұрғыны, яғни балалардың шешесі 2016 жылдан бері ішімдікке салынғандардың тізімінде тіркеулі.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі №2 ауданаралық мамандандырылған соттың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 71 адам ата-ана құқығынан айырылған екен.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий