"Самұрық-Қазына" Үкіметтің сауын сиырына айналды
04.10.2022
16:58
0
21

Сонымен қатар, қордың ақшасын оңды-солды шашып жатыр деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің жазбасынна сілтеме жасап.
2021 жылы "Самұрық-Қазына" қорының таза табысы 1,6 трлн теңгені құрады. Дивидендтерге, яғни бірден мемлекет бюджетіне 10%-дан сәл артық (170 млрд теңге) сома жұмсалды.
Ал Қор мен оның компанияларының иелігіндегі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, қарыздарды өтеу және активтерді сатып алу үшін 1,459 трлн теңге қалады.
"Самұрық-Қазына" қолында қалған ақша Үкіметтің проблемаларын шешуге жұмсалады.
"@FINANCEkaz қорды Үкіметтің "сауын сиырына" айналдыру тәжірибесін айыптайды. Ал президент сұрағандай - бюджетке барынша таза пайда әкеліп, сол жерден ашық жұмсалуы керек", - дейді Андрей Чеботарев.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ