ка

Ресейде бес қазақстандық жол апатынан қаза тапты - Тосын жай

28.11.2018 21:15
0
5

Ресейдің Орынбор облысында Volkswagen мен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Жол апаты Орынбор - Соль-Илецкий автожолының 52-шақырымында Ельшанка ауылының маңында болған. Бес адам қаза тапты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың үшеуі Ақтөбе облысының, ал екеуі Қызылорда облысының тұрғындары. 

ТЖД өкілдері қазіргі уақытта мүрделерді Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий