ка

"Өзіңізге қарап алыңыз": Жұлдыз Өмірғали өзін сынаған әйелге шүйлікті (фото)

20.11.2018 21:48
0
10
Айқынның екінші жары атанған Жұлдыз Өмірғали желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманының масқарасын шығарды. Ашуға булыққан әнші өзін ренжітіп қойған әйелдің суретін Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады NUR.KZ.

Шоу-бизнес өкілі өзін аяусыз сынап тастаған келіншекті жазалмақ болған көрінеді.

Әйел адам Жұлдыз Өмірғалидің суретіне теріс пікір қалдырамын деп, көпшілікке танылды.

"Шашыңды жөндеші. Маңдайыңа егін егуге болады. Масқара" , - деп жазған ол.

Дәл осы жазба әншінің көңіліне тиіп кеткен. Ол келіншекке алдымен өз бет-келбетіне қарап алуға кеңес берген.

Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз Өмірғалидің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий