ка

Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл бұрын халыққа ант берген сәтінен видео жарияланды

10.12.2021 10:47
0
4
Nur Otan партиясының баспасөз қызметі "Тарихта осы күні" айдарымен әлеуметтік желілерде халық сайлаған елдің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берген тарихи дата – 1991 жылғы 10 желтоқсан күніне арналған бейнеролик жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-нің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. "Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты", - делінген бейнероликте. Кедейлік деңгейі 10 есе, яғни 46,7-ден 4,6%-ға дейін қысқарды. $400 миллиард тікелей инвестиция тартылды. Бұл – Орталық Азия елдеріне келетін барлық инвестиция ағымының 75%-дан астамы. "170 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылды. 1400 жаңа денсаулық сақтау нысаны, 1800-ден астам жаңа мектеп пен 900 балабақша ашылды", - деп атап өтті партияның баспасөз қызметі, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып. Еске сала кетейік, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға негізгі бағдар болатын "Елдіктің 7 тұғыры" қағидаттарының жиынтығын ұсынған болатын. Олар, "Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық", "Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры", "Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы", "Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі", "Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі", "Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті" және "Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі" қағидаттары. https://youtu.be/31BSI76bvg8
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий