ка

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Халық қаһарманы атанды

20.03.2019 13:14
0
3

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Сонымен қатар, Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беріп, "Алтын Жұлдыз" орденін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақстан президенті ретіндегі шешіміммен тұңғыш президент – Елбасыға "Алтын Жұлдыз" ерекше айрықшылық белгісін тапсырып, ел дамуына сіңірген еңбегі үшін "Халық қаһарманы" атағын беремін", - деді Тоқаев.
Осыдан кейін ол Назарбаевтың кеудесіне "Алтын Жұлдызды" тақты.
Сонымен қатар, Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды және тұңғыш президентке ескерткіш салуды ұсынды.

sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий