ка

Нұр-Сұлтандағы базарда жойқын өрт болды

06.08.2019 08:31
0
5

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

"Big Шанхай" базарында 30 азық-түлік дүкені өртеніп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы базарлардың бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенде, жеке орналасқан "Ярмарка" көтерме тауар қоймасында 30 азық-түлік дүкені жанып жатқан.

© Photo : Комитет по ЧС

Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

"Big Шанхай" базарындағы өрт туралы хабар 03:49 кезінде түсті. Тілсіз жау 04:35-те ауыздықталып, 05:08-де толығымен сөндірілген.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның аспанын қою қара түтін басты - өрттің видеосы

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт аумағы 500 шаршы метр болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

© Photo : Комитет по ЧС

Алапат өрт кезінде қоймадағы 30 дүкеннің түгі қалмай жанып кетті

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 44 адам мен елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 12 көлігі жұмылдырылды.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий