ка

Нұр-Сұлтанда үкімет басшысы бастаған министрлер қоқыс тазалауға шықты

27.07.2019 17:40
0
2

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Үкімет мүшелері, еріктілер және қала тұрғындары сенбілікке шығып, өзен жағалауын тазалады

 

Нұр-Сұлтан, 27 шілде — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған шенеуніктер сенбілікке шығып, өзен жағасындағы қоқысты жинады.

Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтандағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазартуға қатысты

Асқар Мамин бастаған үкімет "Бірге – Таза Қазақстан" акциясына қатысып,  Нұр-Сұлтан қаласындағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазарту жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

 Акция аясындағы экологиялық сенбілік барысында Есіл және Қарасу өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің жағасы қоқыстан тазартылды. Іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты. 

Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтандағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазартуға қатысты

Үкімет мүшелері, елорда әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер мен еріктілер он алты тонна қоқыс жинады.

"Бірге – Таза Қазақстан" экологиялық акциясын биыл 20 шілдеде Асқар Мамин өзі бастаған болатын. Қоянды су қоймасының аумағын тазалауға 1200 адам қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жинады.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий