ка

Нұр-Сұлтанда автобус үш көлікпен соқтығысты

02.05.2019 14:15
0
6

Жол апаты кеше таңертең Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Елордада жолаушылар автобусы үш автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 1 мамыр күні сағат 10:02-де Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған.

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: депутат үкіметке сауал жолдады

№12 бағыттағы автобус аялдамадан шыға бергенде басқа №12 автобуспен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар көлігінің газ басқышы істен шығыпты.

Кейін №12 автобусы қозғалысын жалғастырып, тұрақта тұрған үш көлікпен соқтығысқан. Салдарынан "Hyundai" маркалы шағын автобусқа, "Hyundai Н1" автокөлігі мен "ГАЗ 322132" шағын автобусына зақым келді.

"Адамдар қансырап жатты" - автобус апатынан зардап шеккен фельдшердің әңгімесі

"Hyundai" шағын автобусының жолаушысы "бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты" диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

Қазір бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий