ка

Нұр-Сұлтан Мельница мейрамханасы өртенді

06.08.2019 16:26
0
2

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жалынды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші жұмылдырылды

 

НҰР-СҰЛТАН, 6  тамыз — Sputnik. Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің пультіне сағат 15:09-да "Мельница" мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабар түсті.

 

Оқиға орнына бірден төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі аттанды. Олар мекен-жайға сағат 15:12 –де жетті. "Мельница" мейрамханасына жапсарластырып салынған орынжайдың шатыры өртеніп жатқаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы аспанын қою қара түтін басты - видео

Қазіргі уақытта жалынды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдар ғимараттан шығарылды.  


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий