ка

Назарбаев жазушы Нұрпейісовпен кездесті - Ел жаңалықтары

16.11.2018 15:13
0
5

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада. 

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов - қазақ әдебиетіне орасан зор үлес қосқан танымалы кеңестік және қазақстандық жазушы әрі аудармашы. Ұлы Отан соғысының ардагері. 22 қазанда оның жасы 94-ке толды. 

Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы әлемнің 30 аса тіліне аударылған. 

 
 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий