ка

Назарбаев Қытайға не үшін барғаны белгілі болды

26.04.2019 10:58
0
6

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанның Тұңғыш президенті Қытайдағы форумда 37 мемлекет басшысының арасында алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумына қатысты, деп хабарлады Twitter-де Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​Қытай астанасында бүгін таңертең "Бір белдеу, бір жол" форумы ашылды.

​Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Форумның ресми ашылуы аясында Назарбаев үшінші болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін сөйледі.

​ Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

"Бір белдеу, бір жол" форумы Бейжіңде 26-27 сәуірде өтеді, оған 37 елдің басшысы қатысып жатыр.  


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий