Көктем аруы -2019-2020
24.01.2019
13:21
0
7

Көктем аруы -2019
Автор: Маулетова Нуржамал Хамидоллақызы
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-24
Материал туралы қысқаша түсінік
сценаримен бөлісейн деп
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері).Жүргізуші: Құрметті аналар, балабақша тәрбиешілері және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты конкурсымызды ашуға балабақша меңгерушісі Хасанова Ф.А. сөз берейік.Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!Жүргізуші:Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)Жүргізуші:Мың бұралған арулар билей басып,Келеді міне ортаға толқып тасып.Аруларын сыйлаған халқым менің,Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!1)..................... қыз өнерліБойға өнер жиған қыз.2)................... қыз білімдіМеңгерген бар ілімді3)........................ қыз елгезекАлады тез тіліңді.4) Ақша бетті........................Ұқсайды хор қызына5)........................... үлбірепҚос жанары мөлдіреп6)........................ қыз шығадыБұрымдары желбіреп.7) Аққу құстай қанат қағып самғаған,Адал жолмен арам іске бармаған.Адамдықты жаны сүйген қашаннан,.................... да қатарынан қалмаған.8) Атыңнан айналайын..................... деген,Сенің ісіне жақсы баға берем.Жеңіс туын тігерсің болашақта,Үміті зор осы мектептің саған деген.Жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,Өнерпаз өрендерге тамсанайық.Әділдік пен шындықты арқа тұтқанӘділқазы алқасымен танысайық.Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. 2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, тақпақ).3 - шарт. «Сәндік өнер», яғни әрбір қыз бала сән үлгісін көрсетеді.4 - шарт. «Қол өнері» (Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасымен танысып алайық:
Материалды сайттан тегін жүктеу
- Бөбекжай меңгерушісі – Хасанова Ф.А.
- Тәрбиеші – Жүргізуші:Ақ арулар келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дарытуға,Қорықпастан сахнаға келіп жетті.Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.
Жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ