ка

ІЛІМ, БІЛІМ, ӨНЕР ТУРАЛЫ мақал мәтелдер

17.02.2019 12:17
0
24
ІЛІМ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР, БІЛІМ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР, ӨНЕР ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР
Оқу — білім бұлағы, Білім — өмір шырағы. *** Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы. *** Білім ортақ. *** Білім — ер азығы, Ер — ел азығы. *** Білім ауысады, Ырыс жұғысады. *** Ақыл — тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен. *** Оқу түбі тоқу. *** Оқу инемен құдық қазғандай. *** Оқы да біл, Ойна да күл. *** Ой түбі оймақ, Ойын түбі ойран. * * * Білген кісі тауып айтады, Білмеген кісі қауып айтады. *** Өз білмегенінді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. *** Білім қымбат, білу қиын. *** Білімнің алды жарық, Білімсіздің түбі ғарып. *** Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын. *** Ақыл — дария, Ой — теңіз. *** Оқығанның бәрі жарық, Оқымағанның беті шарық. *** Ай жарығы әлемге, Шам жарығы түбіне. *** Ой түбі алтын, Ойлай берсең аларсың. *** Білек сүріндіре алмағанды, Білім сүріндіреді. *** Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады. *** Білімдіден ақыл шығар, Ақылды қарттан нақыл жұғар. *** Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады, Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді, Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді. *** Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. *** Көп жасаған білмейді, Көп көрген біледі. *** Ескіні есіңе алмай, Жаңа жадыңа түспейді. *** Біле тұрсаң да, сұрап біл. *** Көз көруге тоймайды, Құлақ естуге тоймайды. *** Ойын түбі от, Ой түбі алтын. *** Қалауын тапса, қар жанады. *** Тасқа егін шықпас, Қас жаманға білім жұқпас. *** Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас. *** Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. *** Қарғыстың ең жаманы өзің білме, Білгеннің тілін алма. *** Адамның білгенін адам білер. *** Болған кісі болдым демес, Болдым десе, болғаны емес. *** Есеп білмеген есек. *** Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді біреу біледі. *** Өнерлінің өрісі ұзақ. *** Өнер алды бірлік, Ырыс алды тірлік. *** Өнерге өлім жоқ, Жалқауға жарық жоқ. *** Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. *** Зер қадырын,— зергер білер. *** Тусаң ту, өнер қу, Басыңа ұят бос қалу. *** Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. *** Өнерлінің өзегі талмас. *** Алтынды ала білген, Бөле де біледі. *** Шешенің сөзі — мерген, Шебердің көзі - мерген. *** Асыл тастан шығар, Өнер жастан шығар. *** Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. *** Өнер өрге жүзеді. *** Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. *** Ұстаздан шәкірт озар. *** Талапты ерге нұр жауар. *** Талап таудан да асырар. *** Тауып білмеген, жүріп білер. *** Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік. *** Ақыл ойдан артық. *** Жемісті ағаштың басы төмен. *** Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий