ка

елордада салтанатты ту көтеру рәсімі өтті

05.07.2019 12:31
0
6

Қазақстанда 6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

"Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтар тапсырды.

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий