ка

Елбасы "Назарбаев Университеті" ДББҰ-ның ғылыми-зерттеу кешеніне барды - Ғылым-Бiлiм

01.12.2018 17:56
0
6

Елбасы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің жұмысымен танысты.


© akorda.kz

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.

Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий