ка

"Авангард" Назарбаевтың отставкасын қалжыңға айналдырды

22.03.2019 22:33
0
3
  Соңғы ойында "Авангард" қазақстандықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтқан.
Омбылық "Авангард" хоккей клубының баспасөз қызметі қалжыңбастығымен көзге түсті, деп хабарлайды РИА Новости. Хоккей клубының баспасөз қызметі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы туралы тараған ақпаратты өз қалжыңдарына "тұздық" еткен екен: "Авангардтың" Қазақстанға бұлай "қадалып қалғаны" тегін емес, қазір КХЛ-дың шығыс конференциясындағы плей-офф кезеңінде "Авангард" астаналық "Барыспен" келесі кезеңге шығу үшін таласуда. Төрт жеңіске дейін ойналатын серияда үш кездесу ойналып, "Авангард" 2:1 есебімен алда келеді. "Авангард" пен "Барыстың" төртінші кездесуі бүгін кешке ойналуы тиіс. Соңғы ойында "Авангард" қазақстандықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтқан.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий