Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
08.01.2021
01:15
0
4
Тақырыбы: Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды.
Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады.
Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз.
Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.
Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0 мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында (170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған.
Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ау бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр.
Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.
Қ азақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары балмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.
Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.
Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап, мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр металлдармен ауаның ластану республика бойынша жоғары болмағанмен жекелеген қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы, қорғасын көрсеткіші Ленингорде – 17 ШМК, Балхашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар 17-81 ШМК- ға жеткен.
Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі.
Өйткені, ауа бассейінің бәрімізге ортақ екені айқын.
Төмендегі мәлімет осыны дәлелдейді. Мысалы, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен және шекаралас ауа арқылы өткен заттардың үлесі төмендегідей болған:
Ластағыштар Қазақстан ластағыш Көршілес елдердің
көздерінен түскен көздерінен түскен үлес
Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының ЮНЕП деректері негізгі ластағыштар жылына 25 млрд т болса. Оларға:
Территория атмосферасының ресурстық потенциалы (РП) деп ауаның іс жүзінде ластануын ШМК шамасына дейін қоспаларды сейілту арқылы өздігінен тазалау мүмкіндігін айтады. Атмосфераның сейілткіш қабілеті, кешенді климаттық және лабараториялық көршеткіштерден атмосфераның ластану мөлшері АЛП және ауа пайдалану параметірі АПП негізінде бағаланады. Бұл сипаттамалар ластану деңгейлерінің жасалу ерекшеліктерін, метеожағдайларға байланысты, қоспалардың атмосферада жинақталып содан соң шығарлуын анықтайды.
АЛП әр түрлі жағдайдағы әр түрлі деңгейдегі ластану мүмкінділігі сипаттайды, ал кейбір авторлар мұны қоспаларды ауа бассейінде таратуға қолайсыз жағдайлардың метеорологиялық қайталанғыштығының кешенді сипаттамасы деп қарастырады. Мысалы, шет елдердің кейбірінде АЛП – ның қала жағдайлары үшін жер бетіне жақын қабатты инверсия және тұрып қалу қайталанғыштығына әлсіз желдер мен ұзақ уақытта тұмандану сипатына қарай 5 класқа бөледі.
Ауа пайдалану параметірі (АПП)- ауадағы ластағыш заттардың шамасын, таза ауа мен сұйтылып араластыру нәтижесінде, орташа молшерлі концентрацияға дейін қажетті таза ауа көлемін сипттайды. Бұл параметр қоршаған ортаны ауа тазалығына жауапкершілік ұжымдық түрде іске асырылатын жағдайға қажет. Бұл негізде бір тұтас территорияда орналасқан өндіріс орындары ортақтасып, әрбіреуіне ластағыштар мөлшерін нормалауға, сөйтіп жалпы ластағыш көлемі аз болатын болса, басқа өндіріс, өнеркәсіп және басқа объектілерге атмосфераға ластағыш шығару құқығын сатуға да өз араларында келсім жасай алады.
Атмосфераның ресурстық потенциалы (АРП) бағалау, территория климатының жағымдылық негізінде, ол территорияны рекреациялық және селетебті мақсатта қолдану мүмкіндігі ескерліп жүргізіледі.
Мұндай бағалау жүргізудің негізгі құрам бөлігі – жылдың суық және жылы кезеңіндей ауа райының (яғни ауа ылғалдылығы, күн радиациясы, температура және т.б. метеофакторлардың) физиологиялық-гигиеналық жіктелу болып табылады.
Атмосфералық ауаны кейбір зерттеушілер қоршаған ортаны ластаушылар тізбегінде бастапқысы деп қарастырады. Топырақ пен жер беті сулары кей кезде атмосфера ауасының қайта ластану көзі болуы немесе, керсінше оның ластануының жанама көрсеткіші болуы мүмкін. Бұл жай, атмосфераның тікелей ластануын қарастырған кезде, атмосферамен бір тұтас жанасушы орталар әсерлерін ескере отырып, атмосфера күйін интегралды бағалаудың анықтаушы негізі болады.
Атмосфераның ластануының жанама көрсеткіші ретінде атмосферадағы қоспаның топырақ бетіне және су айдынына түсуі, сонымен қатар атмосфералық жауынмен олардың жуылуы қабылданған. Бұл бағалаудың белгісі белгілі уақыт аралығындағы ауалардың қоспалардың түсу мөлшерінің уақыттық интервалы болып табылады.
Бірқатар Европалық мемлекеттерден сараптамашылар торы тарапынан қышқыл орман топырақтары және жер беті, жер асты сулары үшін төмендегі сынақ жүктемесі (бұл орталардағы химиялық өзгерістер мен биологиялық эффекттердің бірлескен өзгерістерін ескеріп) ұсынылған.
- Күкірт 46% 54%
- Азот 19% 81%
- Азот
- Күкірт (сутек) 68% 32%
- Көмірсутектер 61% 39%
- Атмосфераны ластаушы көздер
№ | Компоненттер | Көлем бойынша,% |
1 2 3 4 5 6 | Азот (N2) Оттек (O2) Аргон (Ar) Көмір диоксиді (CO2) Озон (O3) Гелий, метан, криптон және суттектің аздаған мөлшері | 78,08 20,94 0,93 0,03 0,00005 0,002-ден аз неон |
№ | Компоненттер | Көлемі бойынша млн.т/ж |
1 2 3 4 | Көмір диоксиді мен шаң-тозаң Бөлшектер Азот оксидтері (NxOy) Күкірт диоксиді Көмірсуттектер (C8Hy) | 8000 60 200 80 |
- Ауа отасындағы Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)
- ШМКж.з – жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың ШМК, (мг/м3) (ПДКр.з – рабочей зоны). Бұл концентрация апатының 8 сағаттық жұмыс күнінде (жексенбіден басқа күндерде), немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде жұмыс жасының соңына дейін (25-30 жыл) ауырмаған, немесе қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар болмаған шаманы білдіреді. Жұмысшы зона деп , еденнен немесе жұмысшы тұрақты тұратын жерден 2 м биіктіктегі кеңестікті айтады.
- ШМКм.б – тұрғын үйлер орналасқан ауадан ауасындағы максимальді бірреттік шектік концентрациясы, мг/м3 (ПДКм.р – максимально разовая). Бұл концентрация сол ауа мен 20 минут тыныс алынған жағдайда, адам организімінде рефлекторлық (субсенсорлық) реакция бериеуі керек.
- ШМКо.т – тұрғын үйлер орналасқан аудандағы ауа құрамындағы үлы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л) (ПДКс.с - среднесуточная). Бұл концентрация адам ол ауамен қанша уақыт тыныс алса да тікелей немесе жанама ешқандай әсер етпеуі керек.
- Климат және оның табиғи әсерлердің нәтижесінде өзгеруімен антропогенді әсерлердің (макро климат) натижесіндегі өзгерісі және ұсынылып отырған жобаның нәтижесіндегі өзгеруі (микро климат). Бұл бағалар іске асырылайын деп отырған жобаның антропогендік қызметіне климаттын ықтимал әсерін болжауды да көздейді.
- Атмосфераның ластануы алдымен оның ықтимал ластануы кешенді көрсеткіштердің біреуінің көмегімен бағаланады: атмосфераның ластану потенциалы (АЛП), атмосфераның сейілту (шашыратқыш) қабілеті (АШҚ) және басқа..
- Норма класы – ҚР қалаларының ауасының орташа ластығы дәрежесінен төменге сәйкес деңгей.
- Қауіп клас – орта дәрежедегі деңгей шамасында.
- Кризис класы – орташа шамадан жоғары деңгей.
- Апат класы – орта деңгейде әлдеқайда жоғары.
Атмосфера күйінің көрсеткіші | Атмосфера экологиялық күйінің класы | |||
Норма (н) | Қауіп (Қ) | Кризис (К) | Апат (А) | |
Ауаның ластану деңгейі | 5-тен төмен | 5-8 | 8-15 | 15-тен жоғары |
- Күкірт қоспалары үшін 0,2-0,4 г*м2*жыл
- Азот қосылыстары үшін 1-2г*м2*жыл.
- Санитарлық-гигениалық тұрғыдан (ШМК) ластану деңгейінің бағалануы .
- Атмосфераның ресурстық потенциалының бағалануы (АРП) және АПП).
- Белгілі басқа орталарға әсері дәрежесінің бағалануы (топырақ және өсімдіктер, қар, сулар).
- Антропогендік әсерлердің табиғи-техникалық жүйеге әсерін интинсивтілігі негізінде ол әсерлердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы.
- Антропогендік әсердің кеңестік және уақыттық ықтимал кері әсердің көлемін анықтау.
- Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың таралуын анықтайтын әдістердің сипаттамасы мен коэффициенттері.
- Ластағыш заттардың парметірлері, қондырғылар толық істеп тұрған кездегі ластағыш заттардың сапалық және мөлшерлік көрсеткіштері.
- Ластағыштар мөлшерінің азайтылуы туралы істелетін жұмыстардың негіздемелері (технологиялық процесті жетілдіру, газ сорғыш, сіңіргіштердің сапасын жақсарту және т.б.)
- Бір кезектегі үлкен мөлшердегі шығарылу сипаты.
- Жиынтық (суммалық) зиянды әсер етеін заттар және заттар тобының тізімі.
- Шекті мөлшердегі шығарылу нормативін енгізу туралы ұсыныс.
- Озық ғылыми-техникалық дәрежедегі технологияларды қолдану арқылы атмосфераға шығарлатын ластағыштар мөлшерін азайтудың қосымша жолдарын іздестіру.
- Атмосфералық ауаны ластағыштар мен жобаланып отырған объектінің ықтимал ластағыштарына сипаттама (тиісті есептеулері мен болжауларына талдау жасау).
- Қабылданған санитарлық нормалардың негіздемелері.
- Технологиялық режимді сақтамаудың немесе табиғи апаттар нәтижесіндегі ықтимал қауіптің нәтижелерін болжау тізімі.
- Болуы мүмкін апаттардың көлемі және оның салдарын жоюдың шаралары.
- Аномальды ыңғайсыз метеорологиялық жағдайлардағы атмосфераға шығарлатын ластағыштардың мөлшерінің шектеп тыс тарамауын реттейтін, қадағалайтын істер.
- Атмосфералық ауаның ластанбауын қадағалау жұмыстары.
- Атмосфераның ластану және қоршаған
- Атмосфераның ластаушы көздері...........................................8
- Ауа ортасындағы Шекті Мөлшерлі Концентрациясы (ПДК)...........................................................................................10
- Бродский А.К. жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғлым, 1998.
- Жумадалиева С., Баешов А., ЖарменовА. Қоршаған орта химиясы. Алматы,1998.
- Баимбетов Н.С. Правовые основы экологической экспертизы в РК. Алматы: Қазақ университеті, 2001.
- Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.
- Руководства по оценке воздействия промышленности на окружающую среду и природаохранные критерии при размещении предприятий:Программа ООН по окружающей среде. Новосибирск:ГПГБ СО АН СССР, 1989.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ