ка

Ақтауда тәнін сатып, жезөкше атанғандардың басым бөлігі Шымкенттен келген - новости Казахстана

30.11.2018 17:43
0
4

Ақтаулық полицейлер төрт күнде "Стоп трафик" жедел-іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде, қалада тәнін сатқан 34 жөзөкше ұсталды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Көрнекі фото: kharkiv.web2ua.com

Көрнекі фото: kharkiv.web2ua.com

Рейд барысында құқық қорғау органдары моншаларды, түнгі клубтарды, жалдамалы пәтерлерді тексеріп шыққан.

Белгілі болғандай, "түнгі көбелекке" айналған жеңіл жүрісті қыздардың көп бөлігі Шымкенттен нәпақа табу үшін келген екен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибадуллаеваның сөзінше, жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесіне сәйкес бірнеше қылмыстық фактілер тіркелген.

"Жалпы жеңгетайлық фактісі бойынша үш, жезөкшелікпен айналысуға тарту мен адам саудасы фактісіне сәйкес екі қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек, 449- бап бойынша жеті әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталып, бір адам қабылдау бөлмесіне қамалды. Алдын алу мақсатында 34 жезөкше және екі жеңгетай анықталып, есепке қойылды", - деді Ибадуллаева.

Дереккөз: "Хабар 24"

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий