Аяз атаның сыйлығына ренжіген оқушы полицияны аяғынан тік тұрғызды - новости Казахстана

Германияда 9 жастағы мектеп оқушысы Рождество мерекесіне алған сыйлықтарына көңілі толмай полиция қызметкерлерін шақырған деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Kolobok.ua
Оқиға Цетель қаласында болған.
Шақыртумен келген полиция қызметкерлері ашуға булығып отырған мектеп оқушысын көрген. 9 жасар бала тәртіп сақшыларына рождестволық сыйлық дұрыс берілмегендігін айтып, шағымданған.
Содан кейін полицейлер балақай жазған тізім мен шыршаның астындағы сыйлықтарды салыстырып шыққан. Расында екеуі бір-біріне сәйкес келмепті.
Тәртіп сақшылары балаға Аяз атаның қартайғаннан ұмытшақ болып кеткендігін, сол үшін сыйлықтарды шатастырып алып жүргендігін айтып тыныштандырған.
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар