Афинадағы шіркеу маңында жарылыс болды - новости Казахстана
29.12.2018
06:12
0
6

Грекия астанасы Афина қаласындағы шіркеу маңында жарылыс болып, екі полицей мен бір күзетші жарақат алған деп хабарлайды "Хабар 24".

Фото: Comments.uа
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, күзетші шіркеу маңынан күдікті затты көріп, полицейлерді шақырған.
Ал тәртіп сақшылары оны тексеруге ұмтылғанда, жарылыс орын алыпты. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның лаңкестікпен байланысы бар-жоғы белгісіз.
Аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ